Қарақамыс негізгі мектебі бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңес жиналысының хаттамасы
Күн тәртібінде:
Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарымен танысу.
Әлеуметтік ұстаздың атқарылған жұмысы туралы есебі.
Жеке кәсіпкерлердің мектепке көмегі туралы.
Тыңдалды:
Қарақамыс негізгі мектебінде қамқоршылық кеңестің жиналысы 25.12.2019 ж. болып өтті. Жиналысқа «Жарқын» СК фирмасының өкілі Аубакирова Ж., жеке кәсіпкер Даутова А., ата-аналар комитетінің басшысы Кушербаева Ұ. және ата-аналар, ұстаздар қатысты. Әлеуметтік ұстаз Баятина С.Т. қамқоршылық кеңестің жұмысы туралы есеп беріп өтті:
«Қамқошылық кеңес оқу жылының басынан мектеппен тығыз қарым-қатынаста. «Мектепке жол» акциясына белсене қатысып, қайырымдылық шараларына атсалысты. Мектеп түлектері Уалиев Ж. және Атығаев О. өз аттарынан 110 мың теңге көлемінде спорт инвентарын (кимоно, теннистік ракетка, тоғызқұмалақ, шахмат) сыйға тартты. Жеке кәсіпкер Даутова А. Нукиев Арман отбасына оқу құралдарын табыстады. Жеке кәсіпкер Аубакиров О. Нұрғалиев Ш. отбасына киім-кешек және оқу құралдарын сыйлады. «Жарқын СК» фирмасы ыстық тамақпен қамту үшін аспазшыға көмек берді және ұстаздар ұжымы Акмурзиндер отбасына, Нургалиевтар отбасына оқу құралдарымен көмектесті.
Мұғалімдер «Қамқорлық» акциясына қатысып қысқы киім (қолғап, жылы бас киім, жылы шұлық) оқушыларға көмек берді. «Қайырымдылық» дастарханы ұйымдастырылып барлық оқушыларға мұғалімдер дастархан жайды. «Жарқын СК» фирмасы спорттық жарыстарға оқушылардың тегін баруына көмектесті. Жаңа жыл мерекесіне орай ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңестің мүшелері Тажибаев М., Қаражанов А., Бегенбаева А., Тлеубаев Н. өз күштерімен оқушыларға сыйлықтар дайындап, Аяз Ата қапшығын кәмпитпен қамтамасыз етті.
«Жарқын» СК фирмасының басшысы Пономарев А.Ф. : «Осы оқу жылында да мектепке өз көмегімізді аямаймыз. Мектеп асханасына ыстық тамақпен қамтамасыз етуге және әртүрлі іс шараларға оқушыларды жіберуге көмектесетіндігін атап айтты».
Жеке кәсіпкерлер Аубакирова Ж., Даутова А. сөз берілді. Олар «Қамқорлық» акциясына белсене қатысатындығын және тұрмысы төмен отбасыларының балаларына қамқорлықтарын аямайтындығын айтып өтті.
Қаулы:
Қамқоршылық кеңестің жұмысы жоспар бойынша алдағы уақытта да жалғастырылсын.
Ата-аналар комитеті қамқоршылық кеңестің мүшелерімен тығыз байланыста болсын.
«Қамқорлық» акциясына жекелеген фирмалар белсене қатыссын.